Алматы. 11 қазан. 7kun.kz — Алматыда бүгін Розыбакиев көшесі, 247а мекен-жайында орналасқан Mega Center сауда-ойын-сауық кешені эвакуацияланды.
Куәгерлердің айтуынша, сағат 9:50-де келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау аяқталды. 1 000-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында, периметрі бойынша бірнеше патрульдік машиналар мен өрт техникасы бар. Полиция қызметкерлері арасында арнайы дулыға пен бронежилет киген қызметкерлер де бар.
"Қазіргі таңда қаланың Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан сауда үйінде қаланың шұғыл және жедел қызметтері күдікті затты анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осындай бағыттағы алғашқы әрекет ету шаралары шеңберінде сауда үйінің персоналын эвакуациялау жүргізілді, патрульдік экипаждар көліктерді шығаруды жүзеге асырды", - Алматы қаласы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды тыныштықты сақтауға, үрейленбеуге, тек ресми ақпаратты алуға, сондай-ақ жүргізіліп жатқан іздестіру іс-шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024