Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — "Қалқаман" бекетінен Алматы қаласындағы "Западный" автовокзалы" бекетіне дейін метро тармағының үшінші кезегін салу кезінде 2 000-ға жуық ағаш кесіледі. 1 823 жапырақты ағаш, 139 қылқан жапырақты және 45 бұта кесіледі.
Бұл ретте вокзал аумағына өтемақы ретінде 1000 ағаш пен бұта отырғызу жоспарлануда. Көгалдандырудың жалпы көлемі 40 806, 80 шаршы метрді құрайды, деп хабарланған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде.
Бұл аумақ ұзақ мерзімді антропогендік әсерге ұшырайтындығын ескере отырып, жұмыс барысы фаунаға әсер етпейді. Құрылыс жұмыстары кезінде топырақ бұзылады, ол құрылыс аяқталғаннан кейін қалпына келтіріліп, ағаш отырғызылады.
"Метропроект" ЖШС метроның құрылысы мен пайдалану кезінде ауа мен суға әсері барынша аз болады деп уәде берді. Метро тоннелі Тастыбұлақ өзенінің астынан 12 метр тереңдікте өтеді және канал мен жер асты суларына әсер етпейді.
Еске сала кетейік, метрополитеннің жаңа станциясы батыс жақтан көлік ағындарын қабылдайтын автовокзалмен біріктіріледі. Шағын метро тоннелі Әшімов көшесінің астынан Райымбек даңғылына дейін салынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024