Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданында өрт шығарған күдікті анықталды. Ол – 1968 жылы туған, от жаққанын мойындады», – делінген хабарламада.
Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтты. Бірақ өрт бұталарға жеткен. Сол кезде ер адам қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Сондай-ақ полиция хабарлауынша, Еңбекшіарал кентінің маңында құрғақ шөпке өрт қойған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жауап алу кезінде өз әрекетін түсіндіре алмай, мас болғанын айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024