Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - 24-25 мамыр күндері Алматы қаласында «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2017» атты сегізінші Орталық Азия форумы өтті. Форумның биылғы тақырыбы – «Шындыққа жанаспайтын шындық дәуіріндегі негізгі қатерлер».
Жыл сайын ұйымдастырылатын форумға Еуропа, Франция, Украина, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан елдерінің сарапшылары, журналистер, блогерлер, ғалымдар, заңгерлер, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі және өзге мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
InternetCA-2017 ұйымдастырушылары форумның мәселелерінің бірі ретінде ғаламтордағы жалған ақпараттармен күресті және оның тәсілдерін алған. Қазіргі уақытта жалған аккаунттардан ақпарат таратып, бұқараны адастыратын деректер мен хабарламалар артып келеді. Бұл болашақта үлкен әрі қауіптілігі жоғары мәселеге айналуы ықтимал.
Іс-шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Конрад Аденауэр атындағы Қор демеушілігімен ұйымдастырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024