Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Президент степендиясының иегерлерін марапаттады

Алматыда Президент степендиясының иегерлерін марапаттады

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz - Бүгін Тұран университетінде өткен  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры лауреаттарының гала – концерті кезінде стипендиаттарға құрмет көрсетілді.

Жалпы конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500 астам өтініш келіп түскен. Олардың ішінен ең үздік деген 80 студент іріктелінді. Енді арнайы степендия иегерлері жыл бойы ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері степендия иегері атану үшін қатаң конкурстық іріктеуден өтті. Байқауға қатысушылар тек  GPA көрсеткіші ғана емес, өз оқу орнының ғылымы және шығармашылық өміріндегі белсенділігі бойынша бағаланды. ҚР Тұңғыш Президенті Қорының шәкіртақысы -  бұл оқу үлгерімін жоғары көтермелеу ғана емес, сонымен қатар үлкен талпыныстар мен табыстарға деген зор мотивация.

Похожие материалы