Алматы қаласының сел тасқыны болған аймағында қазіргі сәтте 200-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қозғалысын реттеу бойынша тәулік бойы кезекшілік жұмыстарын атқаруда.
Бұл туралы бүгін селден зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы активінің отырысында Алматы қ. ІІД Кадрлық жұмыстар басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Мырзабеков мәлімдеді. «23 шілдеге қараған түні сағат 03:00-те кезекші бөлімге сел тасқыны туралы хабар жетісімен оқиға орнына жол-патрульдік полиция экипажы жетті. Дабыл бойынша Наурызбай аудандық ішкі істер департаменті көтеріліп, оқиға орнына бағытталды. Артынша, басқа да күштік құрылымдармен бірлесе отырып, тұрғындарды көшіру шарасы жүргізілді. Қазіргі сәтте оқиға аймағында тәуліктік режімде 200-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қозғалысын реттеу бойынша өз міндеттеірін атқарып жатыр. Үй тонаушылақ әрекеттерге қарсы шараалр қолданылып жатыр. Бұл жұмыс департамент бастығы мен ішкі істер министрінің бақылауына алынды. Жағдай қалыпты», - деді О. Мырзабеков. Өз кезегінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Марат Бекбаев департаменттің барлық қызметі сел салдарын жоюға жұмылдырылғанын жеткізді. «Қазір Қарағайлы, Таусамалы және қаланың төменгі жағындағы елді мекендерде, олардың ішінде Алатау ауданына қарасты Алғабас кентінде сел салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы әкімдігі тарапынан аулалар мен жолдарды тазартау жұмыстарына техникалар бөлінді. Дегенмен, техникалардың әлі де көптеп жеткізіле түскенін қалар едік. Еріктілер жеке құрамды азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр. Жұмыс қалыпты жағдайда жүргізілуде. Оған басқа да коммуналдық қызметтер де ат салысып жатыр», - деді М. Бекбаев. Ақпарат көзі: ҚазақпаратПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024