Алматыда шағын және орта бизнеске берілетін кредит мөлшерлемесі төмендетілді
Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Алматы қаласы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнес субьектілеріне жеңілдетілген несие берудің жаңа шарттарына сәйкес ең жоғары мөлшерлеме 7%-дан 6%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бағдарламаның жаңа атауы – Jana Business (бұрынғы Almaty Business).
Жаңартылған бағдарламаның шарттарына сәйкес жеңілдетілген несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме 7% - дан 6% - ға дейін төмендетілді. Несиенің максималды сомасы 100 млн теңгені құрайды, несиелеу мерзімі - 7 жылға дейін.
Jana Business бағдарламасының тағы бір жаңалығы – өнеркәсіптік парктер субъектілеріне жылдық мөлшерлемесі 6%-бен 500 млн теңгеге дейінгі сомада 7 жылға дейінгі мерзімге несие алу мүмкіндігі қарастырылды.
Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында Jana Business бағдарламасында факторингтік мәмілелерді жылдық 8,5% мөлшерлеме бойынша қаржыландыру мүмкіндігі көзделеді. Факторинг механизмі сатып алушыға төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды немесе қызметті сатып алуға мүмкіндік береді.
ШОБ субъектілеріне жеңілдікпен несие беру екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жүзеге асырылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024