Алматы. 1 шілде. 7kun.kz - Кеше Іле Алатау бөктерінде «Хоум Кредит Банктің» ұйымдастыруымен Home Credit Tun Run 2018 марафоны өтті. Бұл - жүздеген адамның басын қосқан бірегей, экстраординалды шара.
Марафон басталарда күн бұлттанып, жаңбыр жауғанымен, қатысушылар үшін кедергі болмады. Керісінше ауа тазарып, айналадағы табиғат көркемделе түсіп, жүгірістің алдында бәрін бір сергітіп алғандай еді.
[caption id="attachment_92575" align="alignnone" width="2000"] Фото: Wild Irbis pro[/caption]2018 жылы алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Tun Run-ға 500-ден аса адам қатысты. Арасында жасы да, кәрісі де, кәсіби желаяқтар да, әуесқой жүгірушілер де бар. Шараның биылғы басты ерекшелігі екі түрлі арақашықтықта өткендігінде. Бірі - Classic 11+ км, екіншісі - Extreme 18+ км.
[caption id="attachment_92574" align="alignnone" width="3000"] Фото: Wild Irbis pro[/caption]Дабыл қағылып, бес жүз адам старттан асқанда табиғат аясындағы тамаша атмосфераны сезінбеу мүмкін емес. Салауатты өмір салтының пайдасын көріп, бойыңызға тараған жаңа қуат толқынынан әсерленгеннен тек жоғарылауды ғана ойлайсыз.
[caption id="attachment_92576" align="alignnone" width="2000"] Фото: Wild Irbis pro[/caption]Ең басты ескеру керек нәрсе - әр қатысушы күн батқаннан кейін жолды көруі үшін басына арнайы шам таққаны жөн. Онсыз қараңғы түнекте тау мен ағаштардың арасында әбден адасуға болады. Әрине, кішігірім шамы бар жолсілтеуіштер болады. Бірақ басыңызда шамыңыз болса, бұлақты да, ойыс жерлерді де оңай айналып өтесіз.
[caption id="attachment_92579" align="alignnone" width="2000"] Фото: Wild Irbis pro[/caption]Көз тартарлық табиғатымен ерекшеленетін Көк Жайлауда классикалық арақашықтық қатысушылары 600+ метрге жоғары көртерілсе, экстрим арақашықтығында 1200 метрге көтеріліп, түнгі Алматыны жоғарыдан тамашалады.
[caption id="attachment_92578" align="alignnone" width="2000"] Фото: Wild Irbis pro[/caption]Марафон соңында ұйымдастырушылар қатысушыларды жас ерекшеліктері мен жынысына байланысты топтарға бөліп, мәреге бірінші болып жеткендерді марапаттады. Классикалық ара қашықтықта ерлер арасында ең жоғарғы нәтиже 57 минут 20 секунд болса, әйелдер арасында 1 сағат 12 минут 31 секунд. Ал экстрим арақашықтығы бойынша ең тамаша көрсеткіш - ерлер арасында 1 сағат 45 минут 52 секунд, әйелдер арасында 2 сағат 9 минут 20 секунд. Әр категорияда 1,2,3-орындар бойынша 36 жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлақтармен марапатталды. Ал барлық қатысушыларға естелікке арнайы Tun Run медальі табыс етілді.
[caption id="attachment_92580" align="alignnone" width="2500"] Фото: Wild Irbis pro[/caption]