Алматы қаласында тағы екі метроның құрылысы басталып кетті. Төрт жылдан соң "Сарыарқа" және "Достық" станциялары іске қосылатын болады.
"Сарыарқа" станциясы Family саябағына кірер тұста Абай даңғылының бойында салынады. "Достық" станциясы Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасатын болады. Бұл жерлерде шұңқырлар қазылып қойды. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды "Алматы телеарнасы. «Метро салу өте көлемді әрі салмақты іс. Қазір ол жерлерде тиісті жұмыстар жасалуда. Ағаштарды кесіп, инженерлік коммуникацияларды төсеп жатырмыз», — дейді Алматы қалалық автокөлік жолдары басқармасы төрағасының орынбасары Ғани Мырзаханов. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың көктемінде "Сайран" және "Мәскеу" атты екі станция ашылған болатын. Олар іске қосылғалы бері метро қызметін күн сайын қосымша 40 мың адам қолдана бастады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024