Алматы. 27ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың 5-6 наурыз айында Алматы қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен сарапшыларға және ғалымдарға арналған аймақтың серпінді дамуы аясында тарихи-мәдени ландшафтарды қорғау туралы семинар өтеді.
Тарихи контекст және қазіргі заман бір-бірінің рөлін және де маңыздылығын өзара нығайта алады. Сонымен қатар, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардың қарқынды дамуына байланысты мәдени ескерткіш, қоршаған көрініс пен қалалардың өзгеруі мүмкін екеніндігін түсіну өте маңызды.
ЮНЕСКО тарихи пейзаждарды басқаруға кешенді көзқарастың маңызды екенін ескертеді. Сондықтан, мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенцияны жүзеге асыру, сондай-ақ, тарихи қалалық пейзаждарға бағытталған тәсілдерді енгізу алдағы семинардың басты тақырыбы болады. Семинар қатысушылар мұраны қорғауға, ақпаратты таратуға және инновацияларды қолдануға арналған жаңа әсілдерді іздеуге көбірек адамдарды тарту мүмкіндігін талқылайды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің өкілдері мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан сарапшылары қатысады.
Семинардың бас модераторы Катри Лисицин. Ол мәдени мұраны басқару, архитектура, қала құрылысы және архитектураны сақтау жөніндегі халықаралық ЮНЕСКО сарапшысы.
Семинар 2019 жылдың 5-6 наурыз айында, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық көшесі, 52/2, Қазақстан қонақүйінде, «Алтын Емел» конференц-залында болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024