Алматы. 15 қазан. 7kun.kz – Криминалдық полиция қызметкерлері ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен қылмыскерді түнде ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қарасу ықшам ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қашу дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Қылмыскер 2022 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру дерегі бойынша 10 жылға сотталған.
Сондай-ақ қашу дерегі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізуде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024