Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы 24-25 сәуірде Алматы қаласында Орталық Азия бойынша трансшекаралық туристік маршруттарды әзірлеу жөнінде субөңірлік үйлестіру кездесуі өтеді.
Тұрақты дамудағы мәдениеттің рөлін күшейтуге бағытталған жоба табыс алу және жұмыс орындарын құру үшін мүмкіндіктер беру арқылы аймақтағы қауымдастықтардың, соның ішінде жастар мен әйелдердің өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектеседі.
Сондай-ақ, жоба аясында ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысандарының негізінде тұрақты туризмді дамытуға өз көзқарасын, сондай-ақ ЮНЕСКО / ЮНВТО Жібек жолы мұрасының дәліздеріндегі туризм стратегиясын ұсынады.
Шараға ЮНЕСКО, мәдени мұра және туризм бойынша
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мәдениет министрліктерінің және Ұлттық комиссия өкілдері қатысады. Кездесу барысында қатысушылар заңнамаға байланысты мәселелерді, трансшекаралық туризмді дамыту мүмкіндіктері, туристерді тарту және бүкіл әлемнің туристері үшін толыққанды туристік бағыт құру үшін қосымша қызметтерді анықтау мәселелерін талқылайды.
Айта кетейік, шара Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ауғанстандағы, Орталық Азия мен Ирандағы Жібек жолы мұрасының дәліздері - Еуропалық мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері» жобасы аясында ұйымдастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024