Алматыда "Ғажайыптар үйі" тұңғыш республикалық арнайы әлеуметтік дүкені ашылды. Дүкенді ашу идеясын invamade.kz сайтының негізін салушы Айжан Халилова мен Special Art шығармашылық шеберханасының жетекшісі Мариям Рүстембекова ұсынған.
Қазақ үй түрінде салынған дүкенде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан ойыншықтар, әшекей бұйымдары сатыоады. Бұл жерде жалпы саны 100-ден астам жұмыс бар.
«Біз ұсынып отырған заттар - қолдан жасалған. Тек мүсіншелерді ғана "Ақниет үміті" мүгедектер жандардың бірлескен қоғамы жасаған. Осы кәсіпті әрі қарай алып жүру үшін олар "Даму" қорынан грант ұтып алған. Бұл бұйымдар сұйық мәрмәрдан жасалған. Алғаш рет жұртшылық назарына ұсынып отыр», - дейді Халилова.
Бағалары шебермен келісе отырып белгіленген. Мәселен, шебер баға бекіткен соң орта есеппен 30%-ды құрайтын комиссия қосылады. Одан түскен қаражат шығындарды өтеуге, сайтты дамытуға және өзге де қажеттіліктерді өтеуге жұмсалмақ.
Дүкен күн сайын 09.00 мен 18.10 аралығында жұмыс жасайды. Мекен-жайы:Құрманғазы, 120.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024