Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – Алматыда 26 тамыз күні түнде Гагарин көшесінде үш ер адамды қағып кетті. Видео Instagram-да пайда болды.
Оқиға куәгерлерінің бірі «төбелес болды, олардың бірі қарсыластарын көлікпен қағуды ұйғарды» дейді. Алматы полиция департаменті оқиғаға түсініктеме беріп, күдіктілердің жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады.
«Бұл факт сотқа дейінгі тергеп - тексерудің бірыңғай тізілімінде бірден ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы - 293 бабы (Бұзақылық), 345 бабы 2 тармағы (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан) және ҚР ҚК 347 бабы (ЖКО орнын тастап кету) бойынша тіркелген», - деп түсініктеме берді Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы, сондай-ақ полиция департаментінің тергеу басқармасы оқиғаны тергеп жатыр.
«Күдіктілердің кім екені анықталған, оларды ұстап, көліктерін тәркілеу үшін шаралар қабылданып жатыр», - дейді полицейлер.
Полиция атап өткендей, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, олар әртүрлі жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024