Алматы қаласында бұрынғы "Алатау" кинотеатры сүріліп тасталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кинотеатрдың алдыңғы жағына демонтаж жасалып қойған. Екі эксковатордың көмегімен сүріп тастау жұмыстары белсенді болып жатыр. Жұмысшылар жасыл тор тұрған аймақты қақпамен қоршап тастады.
Еске салайық, "Алатау" кинотеатрының орнына McDonald's (Макдональдс) фаст-фуд тағамдар желісі салынатыны туралы хабарланған. Алайда, қала тұрғындары бұл шешімге қарсылық танытқан еді. Интернет қолданушылары ғимараттың бұзылуына қарсы флешмоб ұйымдастырған.
"Алатау" кинотеатрының негізі 1958 жылы қаланған. Ол жерде кеңес кезіндегі және шетел киноматографистерінің ең соңғы кино ленталары көрсетілген. Өз кезегінде қазақстандықтар "Человек-амфибия" фильмінің алғашқы көрсетілімін осы жерде тамашалады.
Қала құрылысы және сәулет басқармасының басшысы кинотеатрға қатысты өз пікірін білдірді. Бірақ қаланы мұражайға айналдырудың қажеті жоқ екенін жеткізген болатын.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024