Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

GreenMart Алматы мен Астанадағы дүкендерін жапты

GreenMart Алматы мен Астанадағы дүкендерін жапты
Алматы, 12 тамыз. 7kun.kz - Алматыда ең ірі гипермаркеттер желісінің бірі GreenMart жабылды, сауда орталығы Сүйінбай мен Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан еді. Бұл туралы дүкендер желісінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланған.  "Құрметті GreenMart сауда желісінің сатып алушылары! Сіздерге Алматы қаласындағы Сүйінбай даңғылы, 2 мекен-жайында орналасқан гипермаркеттер желісінің 1-15 тамыз аралығында жабылатындығын хабарлаймыз", -делінген хабарламада. Қазір гипермаркет ғимаратына барған сатып алушыларға қаладағы басқа сауда орталықтарына бару ұсынылған. Сол ғимаратта орналасқан басқа да шағын дүкендер де жұмысын тоқтатқан. Тек ресейлік "Детский мир" желісінің дүкендерінің бірі қызметін жалғастыруда. GreenMart Алматыдан бөлек Астанадағы дүкенінің де жабылғанын хабарлады. "Құрметті GreenMart сауда желісінің сатып алушылары! Сіздер Астанадағы Уалиханов көшесі, 20 мекен-жайында орналасқан гипермаркеттің жабылуына байланысты басқа дүкендерден сауда жасай аласыздар (ары қарай дүкендер тізімі)", - делінген Facebook-тегі парақшада. Сауда желілерін жабудан бұрын Green 1 мыңнан астам тауар түріне 90%-дық жеңілдік жариялаған еді. Соңғы уақытта Алматыда жабылған ірі супермаркет желісі бұл ғана емес. 2016 жылдың мамырында "Рамстор" желісі 6 мың шаршы метрлік аумақта орналасқан "Алтын Тараз" сауда орталығының жұмысын тоқтатты. Одан бұрын  Prime Plaza сауда орталығындағы "Парад" супермаркеті де жабылған еді. Ал 2015 жылы ірі еуропалық желі Metro-да Алматыдағы дүкендер желісінің біреуінің қызметін тоқтатты.

Похожие материалы