Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz - Алматы кәсіпорындары мен тұрғындары мемлекеттік бюджетке жіберетін салық төлемдерін көбейтіп жатыр. Өткен жыл ішінде төлем 1,6 трлн теңге құрады, оның 1,2 трлн теңгесі республикалық қазынаға жіберіліп, 339 млрд теңгесі қала бюджетінде қалды деп жазады Ranking.kz.
Салықтың өсіміне негізінен ҚҚС-дан (қосымша құн салығы) түскен төлемдер себеп болды, бір жыл ішінде 36%-ға көбейген.
2016 жылы Медеу ауданы 529 млрд теңге салық жинап, Алматыдағы жалпы салықтық түсімдердің үштен бірін қамтамасыз етті. Аудан тек қала бойынша ғана емес республика бойынша да бірінші орында. Алматыдағы барлық қаржы операцияларының 70%-ы, тауар айналымының бестен бір бөлігі және қала жалпы аймақтық өнімі (ЖАӨ) осы ауданнан өтеді.
Екінші орында - Бостандық ауданы, қалада жиналған салық түсімдерінің 21 пайызы тиесілі. 2016 жылы бұл жерден 331 млрд теңге жиналған, өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Үшінші орында - Алмалы. Аудан өткен жылы 249 млрд теңге жинаған, өсім - 3,6 млрд теңге немесе 1%.
Алматы бюджетінің жылдық көлемі 4% немесе 481 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Білім беруге 79,9 млрд теңге (+17%), денсаулық сақтауға 65,1 млрд теңге (+23%), мәдениет, спорт және туризмге 47,8 млрд теңге (+60%), тұрғын үй коммунал шаруашылығына 47,2 млрд теңге (-37%), қоршаған ортаны қорғауға 34,4 млрд теңге (+73%) және транспорт пен коммуникацияға 32,5 млрд теңге (-12%) бөлінген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024