Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Алматыда Қарғалы өзенінде болған сел тасқыны салдарынан зиян шеккен 600-дей адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қашқынбаев хабардар етті.
«Қазіргі сәтте 600-дей адам көшірілді. Олар нөмірі №176 мектепте орналасқан эвакуациялық пунктке жайғастырылды. Ыстық тамақпен, сумен қамтамасыз етілді», - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар ол сел тасқынынан келген шығынның әлі есептелмегенін жеткізді.
«Сел тасқыны кезінде Қарғалы өзенінің су деңгейі 5-6 метрге дейін көтерілген болатын. Қазір су деңгейі қалпына келді. Бірақ әлі де түсуі керек. Сол кезде үйлерді аралап, түгендеу жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді Қ.Қашқынбаев.
Айта кетелік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 03.00-те келіп түскен. Алматының Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандары сел салдарынан зардап шекті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024