Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" алынып тасталды

Алматыдағы террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" алынып тасталды
Республикалық терроризммен күрес оперативті штабы басшысының шешімімен Алматы қаласы аумағындағы террорлық қауіптіңқызыл деңгейі алынып тасталды, күдіктілер тұтқынға алынды. Бұл туралы терроризммен күрес бойынша Алматы қалалық оперативті штабтан хабарлады.  "Тұтқындау кезінде ол қарсылық көрсетті, бірақ қазір ол қамауда отыр", - деп жазылған хабарламада.  Қазір қаладағы жағдай қалыпты, қауіп жоқ. Жағдай құзырлы органдардың толық бақылауында.  Алматыдағы атыс кезінде 5 адам қайтыс болған, олардың біреуі - бейбіт тұрғын, 4-і полиция қызметкерлері. Тағы 7 адам жарақат алды. 

Похожие материалы