Алматы қаласының әкімшілігі даниялық архитектор Ян Гейлдің "Қала транспорт емес адамдар үшін" деген концепциясына сәйкес Түрксіб және Бостандық аудандарының жобаларын таныстырды. Бұл туралы AlmatyNews хабарлайды.
Бостандық ауданындағы сәулеттену және көгалдандыру жұмыстары Тимирязев көшесінен басталмақ. Жандосов көшесі мен Есентай жағалауына дейін Тимирязев көшесінің оң жағында велосипед жолдары мен көше жарықтары бар жүргінші аумағы орнатылып, қырлы кеспелі тротуар салынады. Бір жылдық гүлдер, гүлзар өсіріледі. Қала тұрғындары мен қонақтардың ыңғайлылығы үшін түрлі орындықтар қойылады. Балаларға арнап ойын және спорт кешендері, велеосипед бақтары салынады. Айта кетейік, 2015 жылы Түрксіб және Бостандық аудандарының сәулеттенуіне 100 млн теңге бөлінді. Бірінші кезеңде Есентай жағалауы мен Манас көшесіне дейінгі аралықта жұмыс істеу жоспарланған. Кейінгі жылдары Жандосов көшесіне дейін жалғасады. Қазіргі уақытта мамандар Оңтүстік бақ бойынша жобалау-смета құжаттарын дайындап жатыр. 2016 жылы жүзеге асыру көзделген. Бостандық ауданында 286 га жасыл желек бар. 2007 жылдан бастап Алматы қаласының Табиғатты пайдалануды реттеу және табиғат ресурстары басқармасы бюджет қаржыларының есебінен Бірінші Президент бағын, Достық бағын, Мүсірепов, Гагарин, Бұқар жырау желекжолдарын, Үлкен Алматы, Есентай өзендерінің жағалауларын жасады. 2015 жылы инвесторлардың көмегімен М.Өзтүрік көшесінің гүлзрларына, "Байқоңыр" кинотеатрының жанында сәулеттену жүргізілді. Кинотеатрдың жанына балалар ойын кешені, 8 орындық және қоқыс жәшігі, 4 гүлзар және 120 м металл қоршаулар орнатылды.Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024