Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала прокуратурасының құқықтық қызмет көрсету Орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін құқықтық қызмет көрсету Орталығынан қала тұрғындары нақтылы іс бойынша өздеріне қажет барлық ақпаратты орталық операторларынан алады. Жұмыс форматы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ұқсас, келушілер алдымен ресепшеннен өтіп, кеңес алады. Содан соң өздерін толғандырған мәселе бойынша операторларға барады, олар келушілерді прокурорларға, адвокаттарға, медиаторларға және басқа да мамандарға жібереді, олардың барлығы тегін заңгерлік қызмет көрсетеді.
Құқықтық қызмет Орталығының жалпы көлемі 600 шаршы метр, заманауи инженерлік-техникалық қондырғылармен жабдықталған жайлы кеңсе, мұнда электронды кезек жүйесі, «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, күту залы және басқа қажетті инфрақұрылымдар бар. Орталық қабырғалары шыныдан жасалған, ол құқыққорғау құрылымдарының ашықтықтығын, жариялылығын қамтамасыз етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024