Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы жаңа әуежай құрылысына қызығушылық танытқан инвесторлар белгілі болды

Алматыдағы жаңа әуежай құрылысына қызығушылық танытқан инвесторлар белгілі болды

Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Алматыда салынатын жаңа әуежай құрылысына 5 халықаралық және шетелдік компания мүдделі. Инвесторлардың ұсынысын Lufthansa Consulting GmbH бағалайтын болады, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асыруға «MG Holding»  қазақстандық-катар консорциумы, «Тенгри Холдинг» қазақстандық-қытай компаниясы, Сингапурдың «Changi Airports International», Францияның «Vinci Group», Үндістанның  «GMR Airports» компаниялары Алматы маңында жаңа әуежай салуға немесе қолданыстағы әуежайды кеңейту ұсыныстарымен қызығушылығын танытып отыр" делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Әуежай құрылысына қызығушылық танытқан потенциалды инвесторлардың ұсыныстарын объективті түрде бағалайтын - Lufthansa Consulting GmbH консалтингтік компаниясы.

Сонымен қатар, ҚР инвестиция және даму минитрлігі Алматыдағы қазіргі әуежайды кеңейту және жаңа әуежай салу арқылы халықаралық хабтың құрылысын дамыту деген нұсқаны қарастырап отыр.

Фото:kursiv.kz

Похожие материалы