Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қысқа метражды фильмдер фестивалі өтеді

Алматыда қысқа метражды фильмдер фестивалі өтеді

Алматы кинотеатрларының бірінде Future Shorts Весна 2015 атты әлемдік үздік қысқа метражды фильмдер фестивалі өтпек.

Future Shorts - әлемдегі ірі қысқа метражды фильмдер фестивалі. ТВ мен мобильдік желілердегі қысқа метражды кино мен анимациялардың жетекші дистрибьюторы, қысқа метражды жұмыстардың DVD-лейблы. Фестивальдің көрсетілімдері Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Италия, Испания, Дания, Финляндия, Латвия, Канада, Аустралия және т.б елдердің кинотеатрларында өтеді.

Көрсетілімдер үшін FS тек қана үздік қысқа метрлі киноларды іріктеп алады. Бұл дегеніміз жылына 5 фестивальдік бағдарлама. Олар толық метражды фильмдермен қатар кинотеатрларда көрсетіле береді.

Future Shorts бағдарламалары қысқа метражды өнердің түрлі салаларын қамтиды. Ойын фильмдері тәжірибелік анимациямен қатар келеді, Оскар, Канн, Венеция, Ансии, Берлин сынды ауқымды фестивальдердің жүлдегерлерінің жұмыстары студенттердің бастамаларымен, заманауи технологиялар классикамен алмастырылады.

Похожие материалы