Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – Алматыда 1-3 бөлмелі пәтер жалдау бағасы орта есеппен 15%-ға өсті. Бұл туралы Krisha.kz сарапшылары хабарлады.
Сарапшылардың айтуынша, 9 тамыздағы жағдай бойынша қалада пәтер жалдау бағасы шаршы метріне 4900 теңгені құрады. Тамызда екі бөлмелі пәтерді жалдау бағасы 25%-ға, бір бөлмелі пәтерлердің құны 7%-ға, ал үш бөлмелі пәтерлер 14%-ға қымбаттады.
Осылайша, тамызда бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы орта есеппен 150 000 теңгені құрады.
- Екі бөлмелі пәтерлер маусымда – 200 000 теңге, тамызда – 250 000 теңге,
- Үш бөлмелі пәтерлер маусымда – 280 000 теңге, тамызда – 319 000 теңге.
- Тұрғын үй кешендерінде тамызда пәтер бағасы шаршы метріне - 5200 теңге.
2015-2020 жылдары салынған тұрғын үй кешенін жалға алу құны:
- бір бөлмелі пәтерлер – 150 000 теңге;
- екі бөлмелі пәтерлер – 340 000 теңге;
- үш бөлмелі пәтерлер – 500 000 теңге.
Пәтер жалдау құны қала аудандарына байланысты әртүрлі. Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб, Әуезов аудандарындағы бір бөлмелі пәтерлер 150 мың теңгеге дейін барады. Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 170 мың теңгеден басаталды. Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб және Әуезов аудандарында екі бөлмелі пәтерлер айына 170-200 мың аралығында болады. Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында екі бөлмелі баспананың бағасы 250 мың теңгеден басталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024