Алматы. 4 қараша. 7kun.kz – Алматыда ресейлік блогер жол ережесін бұзып, бұл туралы әлеуметтік желіде видео жариялады. Полицейлер видеоны тексеріп, оны жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Видеода 21 жастағы блогер қымбат көлігін рұқсат етілмеген жерге қойғаны үшін полиция қызметкері оның нөмерін шешіп кеткенін айтады. Бірақ кейін ол барлық мәселені «рақметін айтып» шешкенін жеткізді.
Полицейлер оның жауапкершілккке тартылғанын хабарлады.
«ӘҚБтК-нің 601-бабы «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» және ӘҚБтК-нің 596-бабының 2-бөлігі «Көлік құралының жүріс бөлігіндегі, қарсы қозғалысқа немесе озып кетуіне, сондай-ақ ұйымдасқан көлік немесе жаяу жүргінші бағанының қиылысына немесе онда орналасқан орынға орналасу ережелерін бұзу», ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы" бойынша хаттама толтырды», – деп хабарлады қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024