Енді Алматы автобустарында қолма-қол төлем жасауға болады. Қоғамдық көліктерде қолма-қол ақша төлегісі келетін жолаушыларға төлем жүргізуге мүмкіндік беретін қосымша аппарат орнатылмақ. Бірақ болашақта қолма-қол жолақысы 120 теңгеге өсіп, электронды карта арқылы төлеу қазіргі шамада қалады.
Одан бөлек, бүгін Алматыда 21 маусымнан бастап қолданысқа берілетін 35 жаңа автобус таныстырылды. Green Bus компаниясы өкілдерінің сөзінше, бұл автобустарды сатып алуға 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалған. Ал қала күніне орай тағы 100-ден аса автобус сатып алынбақ, оған шамамен 2 миллиард 680 миллион теңге қаражат жұмсалады деп жоспарланып отыр.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек "Оңай "жүйесі бойынша түсіп жатқан ақша азайып жақанын айтып, ішкі істер департаментімен бірігіп қатаң тексеретінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы жеке инвесторлардың газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алатынын айтқан еді. Қазір қалада шамамен 1600 автобус жолаушылар тасымалдаумен айналысады.
https://www.youtube.com/watch?v=_zARbjuYge4&feature=youtu.beПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024