Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жолдарды жөндеуге 7 млрд теңге жұмсалады

Алматыда жолдарды жөндеуге 7 млрд теңге жұмсалады

Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - Жол-жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биыл 250 мың шаршы метр жол өнделіп, 97 мың шаршы метр тротуарлар мен 130 бекет алаңдары қайта жасалады. Жол- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге, тротуарлар мен бекет нүктелерін жөндеуге 500 млн теңге, орташа жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд теңге бөлінді», - деп жазылған хабарламада.

[caption id="attachment_69054" align="alignnone" width="1280"] Фото: inform.kz[/caption]

Сонымен қатар, қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта қала жолдарындағы ақауларды анықтап, жөндеуге 20 бригадасы бар төрт мердігерлік ұйым жұмылдырылды.

Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада  ұзындығы 31,27 шақырым болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ұзындығы 30,75 шақырым болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жарияланған. Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде  велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.

Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн теңге болатын 14,7 шақырым арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 шақырым арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500  шақырым болатын 488 көшеге жаңа  арық желілер мен нөсер канализацияларын  салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.

Похожие материалы