Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы жеңіл рельсті транспорт құрылысы 95,3 млрд теңгеге бағаланды

Алматыдағы жеңіл рельсті транспорт құрылысы 95,3 млрд теңгеге бағаланды
«Жобаға концессионер тарту үшін халықаралық тендер өткізуге және тендерлік құжаттарды реттеуге 18-24 ай кетеді. Техника-экономикалық негіздемеге сәйкес, 2014 жылы жоспарланған жоба құны коммуникация мен нақты жоспарланған жұмыстарды қоса есептегенде 95,3 млрд теңгені құрады", - делінген баспасөз хабарламасында. Жоспарланған жеңіл рельсті транспорт жолының ұзындығы 22,9 километр болады. Транспорт "Батыс" автобекетінен бастап Райымбек, Б.Момышұлы, Төле би, И.Панфилов, М.Мақатаев және Жетісу көшелерін қамтиды. Кеңесші ретінде шетелдік IDOM, Norton Rose Fulbright және E&Y компаниялары шақырылмақ. Фото: vlast.kz

Похожие материалы