Алматыдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары лагерьлерде тегін демалады
Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — Алматыда тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 4 мыңнан астам бала жазда қала сыртындағы лагерьлерде демала алады, деп хабарлады Алматы қаласы білім басқармасының рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Нұргүл Тау.
«Алматының әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 4150 бала жазғы лагерьлерде тегін демала алады. Бұл мақсатқа бюджеттен Т232, 4 млн бөлінді», - деді Тау.
Өз кезегінде «қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының» директоры Андрей Дупик балаларды қала сыртындағы лагерьлерде демалуға тіркеу bilimalmaty.kz порталында электронды түрде жүргізілетінін айтты.
«Бүгін біз порталда тіркелуді аштық. Алғашқы тіркеушілер қаржы жағдайын растаған кезде лагерлерде демалуға мүмкіндік алады », - деді Дупик.
Сонымен қатар, ол электрондық тіркеу жағдайында растайтын құжаттардың сканерлері ұсынылғанын атап өтті.
Білім басқармасының деректері бойынша қала сыртындағы лагерьлерде демалуға құқығы бар балалар санатына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан; АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан; ТЖ нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар кіреді.
«Егер АӘК алушы болса, оны алу туралы анықтаманы қосып беру жеткілікті. Егер АӘК алмаса, ата - аналар мектепке келіп, жан басына шаққандағы табысы мен кәсіпкерлік қызметтің болуы/болмауы туралы құжаттар ұсынады», - деді Алматы білім беру басқармасының орта білім бөлімінің бас маманы Тахиржан Салимжанов.
Айта кетейік, қала сыртындағы лагерьлерде бірінші ауысым 1 маусымнан басталады деп жоспарлануда. Ауысым ұзақтығы - 10 күн.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024