Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz — Ағымдағы жылы Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылын абаттандыру тұжырымдамасы әзірленуде. Аудандық билік Панфилов көшесінің мысалы бойынша даңғылды серуендеу аймағына айналдырмақ. Бұл туралы Әуезов ауданы бойынша қалалық жоспарлау және аумақтық дамуды үйлестіру қызметінің басшысы Бауыржан Дүйсебек хабарлады, деп жазады Krisha.kz.
«Серуендеу аймағы Сүлейменов көшесі мен Пятницкий көшесінің қиылысынан бастап Family-Паркпен аяқталады. Біз осындай жолмен Таугүл ықшамауданын саябақпен қосқымыз келеді. Биыл ұсынымдық сипаттағы тұжырымдаманы әзірлейміз. Бюджет мүмкіндік берсе, келесі тендер өткіземіз. Егер бұдан әрі бәрі жақсы болса, іске асыруға жібереміз», - деді сәулетші.
Оның айтуынша, абаттандыру идеясы шағын аудандардағы саябақтар мен скверлердің аз болуына байланысты пайда болды. Аудан бойынша тұрғындардың демалуы үшін тек Family-парк бар.
«Серуендеу аймағы Алтынсарин даңғылының батыс жағында орналасады. Ол инфрақұрылым объектілерін да қамтиды: тамақтану орындары, дәретханалар. Қазір біз инженерлік желілерге қосылу мүмкіндігін тексереміз. Жол төсеміне мүлдем тиіспейміз. Биылғы жылы серуендеу аймағының пилоттық жобасын Сүлейменов көшесіне параллель орналасқан Шалов көшесінде іске қосқымыз келеді», - деді Дүйсебек.