Saebiz
[caption id="attachment_97937" align="aligncenter" width="670"] Фото: comode.kz[/caption]Латын әліпбиіне көшу туралы тақырып өзекті болып тұрған тұста Алматыда жаңа тамақтану орны пайда болды. Кафе "Saebiz" деп аталады. "Сәбіз" сөзінің латын әліпбиінде осылай жазылатыны біраз уақыт бұрын қоғамдық мемге айналған еді. Осы сәтті сәтті пайдалана білген кафе қожайындары қолжетімді асхана ашып, өз тұтынушыларын жылдам жинап алды. Іші де, сырты да сәбіздің суреттерімен безендірілген дәмхана келушілерді шығыс асханасымен қуантады.
Жан Плов Лағман
[caption id="attachment_97938" align="aligncenter" width="900"] Фото: Restolife.kz[/caption]Екі көліктің арасында шпагатқа отырған адам туралы жарнамалық видеоролик есіңізде ме? Ол кейіпкердің есімі Жан-Клод Ван Дамм болса, екі қолына плов мен лағман ұстап шпагатқа отырған өзбек асханасының кейіпкері Жан Плов Лағман деп аталады. Дәмхананың қожайыны ат таңдауға инстаграм желісінің қолданушылары көмектескенін айтады.
Ас-Қазан
[caption id="attachment_97940" align="aligncenter" width="2800"] Фото: citykey.net[/caption]"Ас-Қазан" тамақтандыру саласында 7 жыл бойы қызмет етіп келеді. Алғашында лағман орталығы болып ашылған кафе қазір еуропалық және ұлттық тағам түрлерін де дайындайды. Лағман орталығы ҚМДБ-ның "Халал" сауда белгісімен расталған. "Ас-Қазанның" мақсаты - келушілердің асқазанын тойдыру.
Қағанат
[caption id="attachment_97941" align="aligncenter" width="633"] Фото: Ummet.kz[/caption]"Қағанат" - Алматы қаласындағы ең үлкен асханалар желісін құрған империя сияқты. Бірақ, алғашында оның аты "Қанағат" болған. Оның қалай "Қағанат" атанғанын асханалар желісінің негізін салған Шынар Бүгімбаева былай әңгімелейді: "Қағанаттың екінші нүктесін ашып жатқанда асхана “Қанағат” деп аталатын. Асхана атауын патенттеуге Астана қаласына құжаттар жібердік. Бірақ өтінішті қабылдамай кері қайтарды. Себебі, Қазақстанда “Қанағат” деп аталатын қоғамдық тамақтану орны тіркелген екен. Бизнесімді басқаруға көмектесетін орынбасарым орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін. Одан: "Егер әріптердің орнын өзгертсек қалай болады? Қазақ тілінде “Қағанат” деген сөз бар бар ма? Бар болса қандай мағына береді?" деп сұрадым. Ол “империя” деген мағына беретінін айтты, маған керегі де осы дедім де "Қағанат" атауын патенттедім".
Qazan
[caption id="attachment_97942" align="aligncenter" width="750"] Фото: Instagram.com[/caption] Қазақ халқында негізгі ыстық тамақтың барлығы қазанда дайындалады. Qazan кафесінің қожайындары сондықтан кафені осылай атадық дейді. Халал стандарттарға сай жұмыс істейтін кафе отта дайындалатын тағамдардан шоу ұйымдастырып тұрады.Baursak City
[caption id="attachment_97944" align="aligncenter" width="900"] Фото: Restolife.kz[/caption] Алматы - алманың отаны. Алайда, бұл қаладан "Бауырсақтар қаласын" да кездестіруге болады. Есігінен төріне дейін қазақылықты танытатын кафеде бауырсақтың түр-түрі дайындалады. Сондай-ақ, ұлттық тағамдар, ұлттық музыка мен ұлттық нақыштағы жерге қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін таныстыру үшін туристерді апаруға да болады."Бәрі болады" ("Можно все")
[caption id="attachment_97947" align="aligncenter" width="670"] Фото: comode.kz[/caption]Диета ұстайтындар жеуге болмайтын тағам түрлері көп болғандықтан сырттан жиі тамақтанбайды. Ал "Можно все" кафесі диета ұстайтын және сырттан тамақтанғысы келетіндерге арналған. Кондитерліктегі патенттелген технологияға сәйкес тағам түрлері төмен калориялы азық-түліктерден дайындалады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024