Алматы. 15 қараша. 7kun.kz – Алматыдағы крематорийдің ашылуы келесі жылдың бірінші тоқсанына шегерілді. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.
Басқарманың хабарлауынша, жоспардың кейінге шегерілуіне 2021 жылдың екінші тоқсанында бағаның серпінді өсуі әскер еткен. Соның кесірінен трансформаторлық қосалқы станцияның сметалық құны өзгерген. Сондай-ақ газ құбырының бағыты мен жалғау нүктесі өзгертілген.
«Қазіргі уақытта жергілікті бюджет комиссиясының қарауына ұсыну үшін құжаттар дайындалды. Ол бекітілгеннен кейін «Мемсараптама» РМК-дан оң қорытынды алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты нысанды ашып, пайдалануға беру кейінге шегеріліп отыр. Болжамды мерзім – 2023 жылдың бірінші тоқсаны», – деп хабарлады қалалық құрылыс басқармасында.
Айта кетейік, крематорийдің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталуы тиіс еді. Кейін сыртқы инженерлік жұмыстарға орай 2022 жылдың мамырына шегерілді. Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге. Крематорийде екі пеші бар бір зал болады деп жоспарланған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024