Алматыдағы рұқсат етілмеген митингі ер адамның өлімі мен екі азаматтың тұтқындалуына ұласты
Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – 11 маусымда Алматыдағы Гагарин даңғылында рұқсат етілмеген митингі кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Короленко 8 (Гагарин даңғылының қиылысы) мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары «Terra» жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен ұзақ уақыт бойы соттасып жүр. Олардың айтуынша, жаңа тұрғын үй салынғаннан кейін үйлерінің алдындағы көлік қоятын орындар азайған. Сол себепті «Terra» ТК тұрғындарының меншігіндегі қонақтарға арналған автотұрақты өздеріне беруді талап етеді.
Кеше олар рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, Гагарин даңғылын жауып тастады. Нәтижесінде, Короленко үйінің тұрғындарының бірі адамдар бөгеп тастаған жолдың бойымен жүрмек болған көлік жүргізушісін ұрып құлатты. Салдарынан ер адам басын асфальтқа соғып, қайтыс болды.
Осыдан кейін қоғам белсендісі Салтанат Тәшімова оқиғаның орын алуына қала әкімі Ерболат Досаевты кінәлап, Facebook желісінде жазба жазды.
«Тығыздалған құрылысқа наразылық білдіріп, тұрғындар көшені жауып жатқанда ер адам қаза тапты! Бұған митингі өткізуге еш себепсіз рұқсат бермеген Досаев кінәлі! Бұл жағдайды әкім мен әкімдік жасады! Жауапкершілікті ешкімге жүктеудің қажеті жоқ! Тұрғындар кінәлі емес!», – деп жазды ол.
Рұқсат етілмеген митингі кезінде ер адамның қаза тапқанын Алматы полиция департаменті растады.
«Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылғы М. деген азамат көлік қозғалысына кедергі келтіруде жолдағы көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылғы К.деген азаматқа дене жарақатын келтірген. Жәбірленуші кейіннен қайтыс болды. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген акцияның тағы төрт ұйымдастырушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024