Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – «Алматы-1» және «Алматы-2» темір жол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне беріледі, - деп мәлімдеді қала әкімі Бауыржан Байбек Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Алматыға жұмыс сапары барысында.
Оның айтуынша, бұл шара әкімдіктің станцияларды қайта жаңартуға, жолаушылар тасымалын арттыруға, сондай-ақ қаланың көліктік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Жоспарланған қайта жаңартуды «Алматы-1» 2019 жылы, ал «Алматы-2» 2020 жылы бастайды.
Биылғы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен қалалық кеңістікті жаңғырту аясында екі темір жол вокзалының маңы қалпына келтірілді, онда көгалдандыру алаңдары кеңейтіліп, тротуар плиталары салынды.
Бұған дейін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне «Атакент» көрме орталығы, «Баум тоғайы» табиғи ескерткішінің аумағы, Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелерінің қиылысындағы 2,7 га жер учаскесі және т.б. қайтарылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024