Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов екі жақты меморандумға қол қойды. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайты жазды.
"ЭКСПО жағдай жасап, инвестиция мен жаңа технологияларды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашатын болады. Біз сапалы өнім шығаратын компаниялардың ЭКСПО жобаларын қолдауға белсенді араласатынына сенімдіміз", - деді Б. Байбек. Форум аясында алматылық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылып, онда 40-тан аса компания өз өнімдерін көрсетті. "ЭКСПО Алматысыз өте алмайды. Мен қала әкімімен сөйлестім, біз бұл тақырыпты талқыладық. Бүгінге дейін Алматының қатысы болды, бірақ айтарлықтай емес. Меморандум сегіз аймақта жасалды, Алматы - тоғызыншысы. Жалпы сома - 10 миллиард", - деді А. Есімов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024