
Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы Алматыдағы барлық метро станцияларында ұялы байланыс пен интернет орнатылады.
«Бұл жобаны іске асыратын компания бар. Ол ұялы байланыс операторлары емес. Метрополитенде арнайы сигналдың көмегімен жер астында GSM жиіліктерін тарататын жабдық орнатылған. Қазір ол құрылғы техникалық тестілеуден өткізіліп жатыр. Ол күзге таяу іске қосылады», - деді Алматы метросының ресми өкілі Игорь Сахар.
Сондай-ақ, метрополитенде Сарыарқа және Достық станцияларының құрылысы жалғасады. Ол 2020 жылдарға қарай дайын болады. Бірінші нүктесі Family park-тің аумағында, екіншісі Абай Момышұлынан бастап Сәдуақасовқа дейін орналасады. Метрополитенде осы объектілерді іске қосқан күні, жолаушылар саны күніне 20 000-ға артады деп есептейді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025