Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz - Алматылық белгілі журналист Айбар Олжаев Универсиада кезінде шетелдік қонақтарға қаланың көрнекті жерлерін көрсетіп, гастрономиялық тур ұйымдастыруды қолға алмақ. Ол бұл туралы facebook-тағы парақшасына жазды.
«Айлық демалысым Универисадамен сәйкес келіп қалды, мұндайда белсенді алматылыққа не істеу керек? Сондықтан Аида Агыбаевамен бірге шетелдіктерге гастрономиялық тур ұйымдастыруды ойлап таптық. Бұл орындар труистік гидтерге қосылмаған, қонақтарды ол жерлерге алып бармайды. Біз апаратын жерлер менің гастрономиялық рейтингімдегі ең үздік, ыңғайлы, дәмді тамақ ұсынатын орындар», - деп жазды ол.
Оның айтуынша гастротур кезінде шетелдік қонақтар түскі тамақты ұйымдастырушылармен бірге бір жерден, ал кешкі тамақты келесі орыннан ішеді. Қонақтар асүйлерге кіріп, тағам қалай дайындалатынын көре алады.
«Бейресми Алматыны көрсетеміз. КСРО кезіндегі аудандар арасындағы төбелес пен жасөспірімдер арасындағы бәсеке туралы айтамын. Кешке барға барамыз. Мен туристің толық қауіпсіздігіне жауап беремін. Аудармашылыққа әдемі қыз Аида бар және санаты жоғары көлік ұсынамыз», - деп жазды журналист.
Бір қызығы ол бұл қызметіне ақша алмаймыз дейді. «Тағамды, сүйікті қаламызды көрсету үшін жұмыс істейміз», - дейді алматылық тұрғын.
Қызығушылық білдіргендер +77019905504 нөміріне хабарласа алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024