Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Алматыда 14 миллиард теңгеге электроавтобустар өндірісі жолға қойылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, өткен жылы зауыттың техникалық іске қосылуы жүзеге асырылды.
«Жобаға 14 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорынның қуаты жылына 100 электроавтобусты құрайды. 1,3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Автобустарды Кеден одағы елдеріне, сондай–ақ Германия мен Испанияға экспорттау жоспарлануда», - деп қосты мемлекеттік құрылымда.
Қазіргі уақытта 10 бірлік техника пайдалануға берілді. Қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көтергіш және орын қарастырылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024