Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Алматылық құрылысшылар бригадасы Арыс қаласындағы нысандарды қалпына келтіруге кірісті. Мамандар үйлерді аралап, ақауларды анықтады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Құрылысшылар бірінші кезекте қабырғалардың, шатырлардың, терезелердің, есіктердің сыртқы және ішкі әрленуін қалпына келтіруге кірісті. Қазіргі таңда мегаполис кәсіпкерлері 152 тонна құрылыс материалдарын жинады. Мұның бәрі Алматы қаласына бөлінген 440 құрылыс орналасқан учаскені қалпына келтіру кезінде пайдаланылатын болады. Оның ішінде 435-тұрғын үй, 4 дүкен және 1 мектеп. Жұмыстарды шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Айта кету керек, бұл көлемді алматылық 28 құрылыс дүкені мен базарлар 4 күнде жинады. Олардың пікірінше, құрылысшылар құрылыс жұмыстары мен жөндеу жұмыстарын бірден бастай алу үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етуге тырысты.
Жалпы, бір күндік жалақыны аудару есебінен алматылықтар шамамен 140 млн теңге жинады. Сондай-ақ, Арыс қаласына 27 тонна гуманитарлық көмек, байланыс станциясы, далалық ас үй және 100 адамға арналған шатырлы лагерь жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы Арыс қаласындағы № 44856 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс 2019 жылы 24 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:20-да болған болатын. Нәтижесінде үш адам - бір жергілікті тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапты. Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы жағдай тұрақталып, өрт толығымен жойылды деп мәлімдеді. 28 маусымда тұрғындар өз үйлеріне орала бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024