Алматы. 26 қыркүйек. 7kun.kz - "Алматыметроқұрылыс" 60,7 пайыз үлесін аукционға қойды. Сауда 2017 жылдың 11 қазанына тағайындалды. Лоттың бастапқы бағасы - 2,6 млрд теңге, кепілдік жарна - 68 млн теңге.
Аукцион көтерме баға әдісімен өтеді. Invest Capital-дың бағамдауынша 2017 жылғы 25 шілдедегі үлесінің бағалау құны 2,6 млрд теңгені құрайды.
Алматы қаласы қаржы департаментінің деректері бойынша, компанияның 60,7 пайыз үлесі коммуналдық меншікте, қалған 39,3 пайызы - "Инженерлік қолдау" компанияларында. Сондай-ақ, 2017 жылы "Алматыметроқұрылыс" Сарыарқа – Достық желісін салу үшін 5,4 млрд теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған.
Invest Capital - тәуелсіз бағалау компаниясы.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024