Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz - 18 қаңтар күні билетсіз жүрген жолаушылар мен қолма-қол ақша жинаған жүргізушілерге айыппұл салынды. Осы тексеріске қарсылық көрсетіп, он шақты 65 автобус жүргізушілері шу шығарған. Олар Абай даңғылының бойында Манас көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі аралықта бір қатарға тізіліп тұрып алған. Бұл әрекеттері арқылы жүргізушілер "Оңай" жүйесіне өз наразылықтарын білдірді.
"Алматы көлік холдингінің" баспасөз қызметінде бұл мәселенің шешілгенін айтып отыр. "Мұны наразылық шеруі деп айтуға келмейді. Бір автобус жүргізушісіне айыппұл салынған, соған қолдау ретінде қарсыласқан. Осыған дейін, 14 қаңтарда №65 және №19 автобус жүргізушілеріне де айыппұл салынған болатын. 11 қаңтардан бастап, Алматыда қолма-қол ақша алуға тыйым салынды.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі тексеріс нәтижесінде 172 адамға айыппұл салынды. "Жол ақы көбіне тасымалдаушылардың қалтасына түседі. 11-17 қаңтар аралығында "Оңай" картасы арқылы жасалған 2 774 476 транзакцияның жалпы сомасы 175 401 740 теңгені құрады. Егер жолаушылар өз еркілерімен жол ақысын карта арқылы төлейтін болса, тасымалдаушы-компаниялардың есебіне түсетін қаражат көлемі артатын болады", - дейді баспасөз-қызметі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024