Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының бизнес мектебінде оқу басталды

Алматының бизнес мектебінде оқу басталды

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz - Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы бизнес мектепте 2017 жылғы сабақтар басталғаны туралы хабарлады.

Оқу орта және шағын бизнес өкілдеріне, экономиканың әр секторында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген субъектілерге тегін. Оқуға келу нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар беріледі. Бизнес мектепте оқу үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең Бизнес кеңесші деп аталады. Екі күндік тренинг кәсіпкерлердің жеке бизнес құру бойынша білім деңгейін көтеру бойынша өтеді.

Екінші кезең - жоба бойынша оқыту. Екі айға созылатын оқу курсында өз бизнесін ашуға шешім қабылдаған және бизнесі бола тұра екінші бір бағытты қалыптастырғысы келетіндер білім алады. Нәтижесінде қатысушылар ақпараттық жүйені құрып, инвестициялық жобаны іске асырып немесе кең ауқымды іс-шаралар өткізіп, бір өнім немесе қызмет түрін ұсынуы мүмкін. Оқыту курсының мақсаты - берілген тапсырмалар аясында үздік жобалар құруға болатын тәжірибемен бөлісу.

Үшінші кезең - бизнеспен бірге даму. Бұл кезең бойынша бес тренинг өтеді. Курс тек кәсіпорын жетекшілеріне арналған.  Жобаның мақсаты - өндіріс процесі кезінде барлық ресурстарды (уақыт, қаржы, адам, шикізат) тиімді басқаруға мүмкіндік беретін тәжірибемен бөлісу, тауар мен қызмет сапасы жақсы болу үшін кәсіпкерге көмектесу.

Тренинге жазылу үшін мына мекенжайға бару керек: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 111, 502 кабинет. Телефон нөмірі: +7 727 225 18 30 (ішкі 7556)

Ал тренингтер мына мекенжайда өтеді: Алматы қаласы, Достық көшесі, 160 (Жолдасбеков көшесінің қиылысы), 307 кабинет.

Похожие материалы