Алматы қаласының әкімдігі «Алматы 2020» Бағдарламасын көпшілік талқысына ұсынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бағдарламаның дайын жобасы ертеңнен бастап көпшіліктің, сарапшылардың, бизнесмендердің, үкіметтік емес ұйымдар мен қалалықтардың талқылауы және ұсыныстарын білдіруі үшін қала Әкімдігінің almaty.gov.kz ресми сайтында жарияланады. Бір ай ішінде ұсыныстар мен толықтыруларды арнайы құрылған almaty2020@a-a.kz электронды поштасына жіберуге болады. Осылайша, өңірдің даму бағдарламасы елімізде алғаш рет көпшілік талқысына салынып отыр.
Даму бағдарламасының жобасын жасауға мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге қала құрылысы, сәулет, экономика және қалаларды стратегиялық жоспарлау салаларында үздік халықаралық тәжірибе жинақтаған, әлемге танымал «МcKinsey&Company» компаниясы тартылды.
Шара барысында даму Бағдарламасын талқылауды және толықтықтыруды қамтамасыз ететін, құрамына ірі үкіметтік емес ұйымдардың, қаржы институттарының өкілдері, салалық қоғамдастықтар басшылары, қоғам қайраткерлері, түрлі сарапшылар енген Қоғамдық кеңес құрылатындығы айтылды.
Алдағы бір ай ішінде Бағдарламаның салалық аспектілерін талылау бойынша қалалық қоғамдастықтың ынталы топтарымен бірқатар диалог алаңдары ұйымдастырылады.
Көпшілік талқысына ұсынылып отырған «Алматы-2020» Бағдарламасында одан әрі дамудың негізгі 7 бағыты тұжырымдалған. Олар: қолайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік бағыттағы қала, экономикалық тұрақты қала, бизнес пен жеке капитал қаласы, интеграцияланған қала, белсенді азаматтар қаласы.
Бұлардың барлығы Бағдарламаның бес қағидасына негізделген. Олар: әр адамға қамқорлық, озық тәжірибе негізінде тиімді және экономикалық шешімдер, экономиканың драйвері ретінде бизнесті ынталандыру, азаматтық қоғамды кеңінен тарту, жергілікті органдардың ашықтығы мен есеп беруі.
Алматы тұрғындары бір ай ішінде қаланың басты ресурсы адамдар мен олардың ақылы және шығармашылық кабілеті деп көрсетілген «Алматы–2020» Даму Бағдарламасын талқылауға белсенді түрде қатыса алады.
«Қаланың басты ресурсы адамдар, олардың ақылы мен шығармашылық қабілеті болып табылады. Бүгінгі күні әлемнің бірде бір дамыған қаласы өздерінің проблемаларын тұрғындардың белсенділігі мен қатысуынсыз шеше алмайды. Бір мүддеге біріккен азаматтардың белсенділігі қаланы одан әрі дамытудың басты шарттарының бірі.
Алматыны тұрғындардың жоғары белсенділігі дараландырады, ол - дамыған азаматтық қоғам қаласы», - деп қорытындылады сөзін әкім.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024