Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының ойын-сауық орындарының "қара тізімі" жарияланды. Бар және мейрамханалар тізімін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин "Көлеңкелі экономикамен күрес" атты Facebook желісіндегі топқа жария етті.
LT Grill, Vista Арман, Изюм, Керуен, Grand Sapphire, Royal Cafe, HAN, Ballroom, Hello, Holiday Inn Almaty, Vertalёt, Baritone, Villa dei Fiori, Peppoli Antinori, Line Brew, GUINNESS PUB, Belagio орындарының иелері 10 миллион теңге көлемінде салық төлеген. "Әлеуметтік жауапкершілікті" топтардың ішінде 2014 жылы бір миллион теіге шамасында салық төлегендер: Адмирал, Чешский двор, Гакку, Hemigwey, Primavera, Tirol, Toni Gard Cafe, Metropol, Cashgar, Turandot, Del Toro, Версаль, МараКеш, Ару-Ана, Батыр, Grand Opera. «Алдағы уақытта қарыздар жеке тұлғалардың тізімін жариялайтын боламын. Барлық қарыздар адамдарға айтарым, "әлеуметтік жауапкершілікті" азамат болмай, салықты төлеу керек», - дейді Д.Ерғожин. «Жеке тұлғаларға салынатын салық - жергілікті салық. Жергілікті атқарушы органның бюджетіне жасалғанның барлыңы балалар үйін, мектеп, аурухана, жол салуға жіберіледі. Осылайша қоғам үшін жағдай жасалады. Салықты төлемей, тайқығандар қоғамды аталған игілігінен айырып отыр», - деп ескертпе жасады Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024