Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Алматыдағы селден қаладағы үш ауданның үйлері зардап шекті. Бұл туралы бүгін Алматыда Қарғалы өзенінде орын алған сел тасқынына байланысты Наурызбай ауданы әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті.
"Шамамен сағат 2.15-те біз "Қазселденқорғаудан" Қарғалының шарасынан шыққаны туралы хабар алдық. Бұл өзеннің көлемі 40 мың текше метр болған. Судың көтерілуі сел тасқынына алып келді. Сел Қарғалы бөгетіне дейін барды, толқынның 10-12 метр болды, яғни судың көп көлемін бөгет ұстап қалды", - деп мәлімдеді Ю.Ильин.
Оның айтуынша, қазір селден қорғау бөгетінің жағдайы тұрақты. Ешқандай зақымдану болған жоқ.
"Секундына 10-12 текше метрмен ағып жатқан Қарғалы өзенінің арнасын бақылап отырмыз. Өзен үшін бұл өте үлкен ағыс. Селдің нәтижесінде үш аудан зардап шекті. Наурызбай батыр ауданы көбірек зардап шекті. Алатау ауданындағы Алғабас ауылының 97 үйін су басты. Сел бұл аудандарға қайта қауіп төндіріп тұрған жоқ", - деді Ю.Ильин.
"Демалыс күндері жауын-шашынның әсерінен таулы аймақтарда өзендер арнасынан шығып кетуі мүмкін. Қазір "Қазселденқорғау" бақылап отыр. Қатердің алдын алу мақсатында қажет болса профилактикалық шаралар жүргіземіз", - деп атап өтті әкім орынбасары.
Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев Қарғалыдағы су деңгейі 5-6 метрге дейін көтерілгенін айтты. Су деңгейі орнына түсе салысымен мамандар келген шығынды есептейді.
"Қазір бөгетке қосымша баға берілді. Мамандардың айтуынша, ешқандай қауіп жоқ. Бөгет суды ұстап тұра алады", - деді әкім. Ол жағдайдың бақылауда екенін айтты.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Қарағайлы елдімекендерінде аномалды ыстыққа байланысты балшық ағындары жергілікті өзендердің сағасын жауып, өзендер арнасынан тасыған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024