Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Алматы жолдарын жөндеу үшін 7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта жасалып жатқан жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге, тротуар мен аялдамаларды жөндеуге 500 млн теңге, орта жһндеу жұмыстарына 5,5 млрд теңге бөлінеді.
«Ең бірінші ұзындығы 37 км болатын 34 көшеде жөндеу жұмыстары басталады. Оның ішінде 12 магистралды көше және 23 аудандық көше де бар. Одан бөлек, ұзындығы 31 км болатын 19 көшені жөндеуден өткізуге сметалық құжаттамалар жасалды. Жолдағы ақауларды жөндеу үшін 4 арнайы ұйым мен 12 бридада жұмылдырылды, - деп атап өтті жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Жандосова мен Саина көшелері де капиталды жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 2,08 км. Жоба құны – 1,1 млн теңге. Жұмыс барысында өтпе жолдарды да 4 жолаққа дейін кеңейту қарастырылған. Қарғалы өзеніндегі көпірді қайта жөнделеді және веложолдар мен тротуарлар құрылысы басталады.
Жол төсемдері жұмысына жаңа алфальт тегістейтін көліктер жұмылдырылады. Ол 8 тонна асфальт дайындауға қауқарлы және оны 180 градуста сақтап тұра алады. Қазақстанда мұндай машинаның әзірге жалңыз нұсқасы бар. Жақын арада тағы да бірнеше көлік сатып алу жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024