Бастапқыда «тиімді бағаға лимитсіз интернет» деп тұтынушылар жинап, кейіннен осы жылдың сәуірінен бастап аталған тарифті алып тастаған «Алтел және Теле2» бірлескен компаниясының басы осы шешімнен соң біраз дауға қалып еді. Компания, өз кезегінде, «бұл – барлық абоненттер тең дәрежеде болу үшін жасалған шара» деп мәлімдеген. Себебі, лимитсіз интернет қолданатын 30% абонент жалпыға берілетін трафиктің 90 пайызын пайдаланып отырған. Осының салдарынан қалған абоненттердің жылдамдығы баяу болып, арыз-шағым жиілей түскен.
«Басты құндылығымыз – жылдам интернет» дейтін компания бүгін бір топ БАҚ өкілдерін жинап, қаланың әр бұрышына тоқтап, интернет жылдамдығын тексеру үшін тест-тур ұйымдастырды. Жолай бірлескен компания басқармасының басшысы Роман Володинды әңгімеге тарттық. [caption id="attachment_48400" align="alignleft" width="443"] Фото: forbes.kz[/caption] - Лимитсіз интернетті алып тастаған соң қанша абоненттен айрылдыңыздар? - Жоғалтқанымыз рас, бірақ көп емес – 10 пайызға жетер-жетпес. Дегенмен, жаңа тарифтеріміз бен жылдамдығы артқан интернеттен соң тұтынушылар саны артып келеді. Лимитсіз интернет кезінде абоненттеріміздің көбі айына 30ГБ көлемінде интернет қолданатын, ешқандай айырмашылығы болмау үшін осындай мөлшердегі интернет беретін тариф ұсындық. - Қазір бірлескен компания немен айналысып жатыр? - Өздеріңіз білетіндей, «Теле2» мен «Алтел» компания қосылды, мұның барлығы жылдамдықты арттыру үшін жасалған. Біздің толқынмен трафик таратып, интернетпен қамтамасыз ететін базалық бекеттеріміз бірігіп жатыр. Соның арқасында екі компания енді жылдамдық жоғары болу үшін салынатын бекеттердің санын арттырумен бас қатырмайтын болады. Екі компанияның желілік интеграциясы Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларында жылдам жүріп жатыр. Келесі жылдың соңына дейін интеграцияны аяқтап, халықтың 70 пайыздан астамын ғаламтормен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Алдын ала берілген маршрут бойынша келе жаттық. «Алтел/Теле2» біріккен компаниясының техникалық директор орынбасары Болатбек Толқыновтың айтуымен, ғаламтордың қолжетімділігі мен желінің жылдамдығы тексеруге арналған әлемнің жүздеген елінде қолданылатын Ookla Speedtest бағдарламасын жүктеп алдық. Барлық журналист пен блогердің қолына «Алтелдің» 4G роутерлерін таратып берді. Кеңсе орындары мен қала ішінде кедергісіз жұмыс істейтінін ескеріп, Алматының төмен жағындағы Төле би көшесінен қала сыртындағы биік нүкте – Медеуге дейін бардық. Тексеруге арналған бағдарламаны маман былай түсіндіріп берді. Бірінші көрсетіп тұрған «Пинг» - компьютерден жіберілген пакет серверге барып, қайтып келген уақыт. Бұл көбіне онлайн-ойындар үшін қажет. Пинг төмен болған сайын жақсы, жоғары болған сайын интернет жай істейді. Қызылмен қоршалған екі көрсеткіш қаланың екі түрлі – Достық даңғылы (61) мен Сейфуллин (16) көшелерінде түсірілген. 2-бағыттаушы ғаламторға кіріп, кез келген сілтеме басқан кезде сұратқан ақпараттың секундына жүктелетін мөлшері (мегабитпен), үшіншісі өз мәтініңіз, я суретіңіздің секундына жүктелетін көлемі. Маманның айтуынша, бұл – басқа операторлармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. «Онлайн-ойындарға әуес адамдар пинг мөлшері 100 болса да қатты қуанады, себебі мұнша пинг интернетте еш тоқтаусыз ойнауға мүмкіндік береді. Ал мына көрсеткіштер 20-50 аралығында», - деді Болатбек Толқынов. Біз отырған шағын автобус Медеуге барып бір-ақ тоқтады. Ондағы көрсеткіш 61,1 пингті құрап, қала сырты болса да жылдам жұмыс істеп тұр. Маман «көрсеткіштер әр түрлі болуы мүмкін, себебі телефондар бірдей емес. Жылдам әрі төмен пинг қажет болса смартфондардың соңғы үлгісін алуға тырысыңыздар», - деді. Қалаға бара жатқанда жанымызға компанияның PR-директоры Олжас Битанов жайғасты да, компанияның алдағы жоспарлары мен Қазақстанның операторлар нарығы туралы бірнеше сұрағымызға жауап берді. - Көктемнен бері сіздердің тараптарыңызға біраз сын айтылды. Қазір компания өз имиджі үшін не істеп жатыр? - Негізінен, абоненттер үшін күтпеген жағдай болғаны рас, бірақ біз әділетсіздік жасадық дей алмаймын. Лимитсіз интернет деп трафикті ретсіз пайдаланушылар басқа абоненттерге мәселе туындатып жатты.Суды да тегін етіп қойсаңыз, оны өшірмейтіндер шығатыны анық. Мұндай мәселе операторлардың ешбіріне қажет емес. Сондықтан, біздің болжауымызша, Қазақстанда ешқандай оператор лимитсіз интернет қоспайды. Ал имидж жайлы айтсам, қазір абоненттер ағыны тоқтады. Жылдамдық пен тарифтеріміздің тиімділігін түсініп, қайта келіп жатқандар бар. Қазақстанда тұтынушылар саны бойынша үшінші орында болғанымызбен, пайдасы артып келе жатқан әзірге біздің ғана компания. - «Билайн» қазір қаржы қызметтерін көрсетіп, нарыққа жаңа ұсыныстарын алып келді. Ал сіздердің қызметтеріңіз қоңырау мен интернет тасымалдаудан әрі аспай отыр. Неге жаңа нәрсе ұсынбайсыздар? - Ия, қызмет көрсету жағынан қарасақ, бұл дұрыс. Бірақ Қазақстанның салық жүйесі онлайн-коммерцияның дамуына жағдай жасамайды."Суды да тегін етіп қойсаңыз, оны өшірмейтіндер шығатыны анық. Мұндай мәселе операторлардың ешбіріне қажет емес".
Бірлескен жобалар жасап, мобильді төлемдер жасау қолайлы емес. Себебі, түрлі қиындықтар шығады. Мысалы, «Оңай» жүйесі. Жолаушылар телефон операторына хабарлама жіберіп, жолақысын төлейді. Ал операторға хабарламадан түсетін табыс тиын ғана. Ал заңды тұлға болған соң мемлекетке әр тиын үшін салық төлейсіз. Ал бұл – тиімсіз. Сондықтан, заң өзгермейінше жаңа қызметтер ұсыну ойымызда жоқ. Айта кетейік, «Алтел» АҚ - 1994 жылдан бастап телекоммуникация нарығыда жұмыс істейтін еліміздегі алғашқы республикалық оператор. 2010 жылы «АЛТЕЛ» республикада бірінші рет 3G енгізді, ал 2012 жылы Қазақстанда «ALTEL 4G» сауда белгісімен LTE технологиясын алғаш рет коммерциялық пайдалануға енгізген болатын. Енді компания, басқарма төрағасының айтуынша, келесі жылдан бастап елімізде алғаш болып 4G+ желісін жасау жұмыстарына кіріспек."Қазақстанның салық жүйесі онлайн-коммерцияның дамуына жағдай жасамайды".
Аян ҚАЛМҰРАТ, "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024