Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – «Алтын Банк» АҚ синдикатталған қарыз бойынша 3,5 млн еуро мөлшерінде «Белинвестбанк» ААҚ-ты қаржыландырды, - деп хабарлайды kursiv.kz.
Мәмілені Еуразиялық даму банкі несиелік менеджер және қатысушы банк ретінде ұйымдастырды. Банкаралық синдикатқа «НОВИКОМБАНК» АҚ және «ТРАНСКАПИТАЛБАНК» ашық акционерлік қоғамы қосылды.
Бір жылдағы несиенің жалпы сомасы 20 миллион еуро болды. Бұл қаражат Ресейден Беларуське тауарларды, жабдықтар мен қызметтерді жеткізуге байланысты Белинвестбанк клиенттерінің сауда келісім-шарттарын қаржыландыруға бағытталатын болады.
«Біз халықаралық нарықтарда валюталық өтімділікті орналастыруды және осы саланы дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл біздің халықаралық деңгейде синдикатталған несиелендіру аясында алғашқы транзакция және бұл біз үшін үлкен тәжірибе болмақ», - дейді «Алтын Банк» АҚ Басқарма төрағасы Марат Әлменов.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024