«Алтын Орда» базары әкімшілігінің жаңа басшысы Қырғызстанның тумасы болып шықты
Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz – БАҚ өкілдеріне өзін «Қазақстан азаматымын» деп таныстырған «Алтын Орда» базары жаңа басшылығының өкілі Қырғызстанның тумасы болып шықты, деп хабарлайды 7kun.kz.
АКИргеѕѕ ақпарат агенттігі, «Кто есть Кто» мәліметінше, бұл адамның аты-жөні Эрмек Маркабаев. Ол Қырғызстандағы «Сары Озон» базарының директоры. 1979 жылғы азамат Ыстықкөл облысы, Жеті-Оғыз ауданы, Жеті-Оғыз ауылында туған. Қырғыз, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген.
Еске салайық, «Алтын Орда» базарында 800-ден астам кәсіпкер Бішкектен келген қырғызстандық азаматтардың рейдерлік әрекетінен зардап шегіп отыр деген ақпарат тараған.
Ондағы саудагерлердің сөзінше, 20 сәуір күні «Алтын Орданың» жаңа қожайыны Бішкектен келген қырғызстандық азаматтардың рейдерлік әрекеті арқылы бұрынғы басшылардан базарды тартып алған. Мұны базардың экс-әкімшілігі де жоққа шығармады.
Ал «Алтын Орда» базары жаңа әкімшілігінің өкілі Эрмек Маркабаевтың өзі саудагерлерге базардан орын берілмейді және рейдерлік әрекетпен базарды тартып алды деген пікірді жалған деді.
Айта кетейік, «Алтын орда» базарын 2000 жылдардың басында Алтынбек Әлпиев достарымен бірігіп ашқан. 2007 жылы ол белгісіз жағдайда мерт болған. Ал бүгінде базарды оның баласы Қырғызстанның тумасы Данияр Әлпиев қайтарып алды. Ол 2019 жылы Данияр Әлпиев банк ісіндегі қылмысы үшін «алаяқтық» бабы бойынша 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айрылған деген дерек бар. Ол өткен аптада Мемлекет басшысынан «Алтын Орда» базарының аумағындағы қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін құқық қорғау органдары арқылы тоқтатуын сұраған видеоүндеу жариялаған болатын.
Айта кетейік, кеше ҚР Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Алтын Орда» базарына қатысты тергеу жүріп жатқандығын айтып, базардың иесі немесе басшысы қылмыс жасаса, тиісті жазасын алатынын хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024