Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Алматы маңындағы «Алтын Орда» базарындағы бағаны көтеру бойынша материалдар сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
«Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-нің қызметін сауда нарығына қатысты бәсекелестік заңнаманы сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғалды.
«Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС бұйрығына сәйкес, сауда орнын күнделікті жалға алу бағасы жүк көлігінен 15 000 теңгені, КАМАЗ және MAN автокөліктерінен -7000-8000 теңгені, Sprinter автокөлігінен - 6000-7000 теңгені, ГАЗель автокөлігінен - 5000 теңгені, жеңіл автокөліктерден -3500 теңгені құрайтыны анықталды», – делінген хабарламада.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департаментінің наурыз айындағы жүргізген бағалау нәтижесінде «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС 100% үлесімен монополиялық жағдайға ие екені анықталды.
Агенттік монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға бағытталған үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылғанын атап өтеді.
Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылдың мамырда «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды.
БАҚ хабарлауынша, «Алтын Орда» базары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа жақын құрылымдарға тиесілі болған. Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін «Алтын Орда» базарында көптеген жүргізілгені белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024